Заречный кенті жабылады. Тұрғындар қайда көшіріледі?
Осы Есіл өзенінің
көтерлуінен Петропавл билігі су басып қала беретін Заречный кентінің халқын
жаппай көшіріп, жаңа қоныс беруді ұйғарған. Қазір шахардың «Орталық» және «Жас
Өркен» ауданынан арнайы жер учаскесі бөлініп, 90 және 72 пәтерлі екі үйдің
құрысы басталып жатыр. Әзір қажетті материалдармен жұмысшылар жеткілікті дейді
жауаптылар. Қажет болған жағдайда мердігер ұйым олардың санын арттырады.
Қалалық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, бар шаруа жыл соңына дейін аяқталуы
тиіс. Содан соң тұрғындар жаңа баспанаға қоныстанады. Айта кету керек, Заречный
қала іргесінде Есілге өзенінен өте жақын орналасқан аймақ. Мұнда 250-ден астам
баспана бар. Қасында үлкен түзеу мекемесі тұр. Жылда көктемде келісімен Есілден
тасып шыққан суға батып қалады. Сондықтан биыл кентті толық жабуға шешім
шығарылған.

