Батыс Қазақстан облысы: Дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарасты Базартөбе ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бұл – өңірдегі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыс аумағында бой көтерген 14-ші медициналық нысан. Ғимараттың ашылу салтанатына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
Амбулаторияның құрылысы биыл сәуірде басталған.
Жұмыстарды сапалы атқарған мердігер нысанды уақытылы тапсырды. Жоба құны 329
млн теңге. Аймақ басшысы медициналық көмекті қолжетімді ету, ауылдарға дәрігер
мамандарды тартудың маңызына тоқталды. Жалпы өңірде 2025 жылға дейін 50
медициналық нысан салу көзделген. Былтыр 12-сі, ал биыл 14-і пайдалануға
берілді.

