Алғашқы еңбек ассамблеясы құрылды
Павлодарда еліміздегі тұңғыш еңбек ассамблеясы құрылды. Оның құрамына қалалық трамвай басқармасының қызметкерлері - кондукторлар, жүргізушілер, механиктер мен электриктер кіреді. Ұжымда түрлі ұлт өкілдерінен жасақталған 530 адам бар. Оларды бір ортақ міндет байланыстырады. Ол - ел игілігі үшін еңбек ету.
Павлодардағы трамвай басқармасы 60 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Енді
жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіпорын ұжымы елдегі алғашқы еңбек
ассамблеясын құрды.

