Ақмола облысында орақ науқаны пысықталды

Ақмола облысында орақ науқаны пысықталды

Ақмола облысында орақ науқанын өткізу жайы пысықталды. Облыс әкімі диқандармен кездесіп егінді жинау жұмыстарын талқылады. Биыл өңірде 5 миллион 400 мың гектар алқаптан егін орылмақ. Оның 4,7 миллион гектарын дәнді және дәнді бұршақ дақылдар алып жатыр.


Биыл диқандарға оңай болған жоқ. Жаңбыр салдарынан алқаптағы егу жұмыстары бір жарым айға созылды. Десе де, егін бітік шықты. Қазіргі уақытта 85 проценті жақсы, 15-сі қанағаттанарлық жағдайда. Орақ науқанына өңірге жеңілдетілген бағамен 83 мың тонна дизель отыны бөлінді. 9 мыңға жуық комбайн дайын, оның жартысынан астамы өнімділігі жоғары жаңа техникалар. 65 астық қабылдау орны бар.