Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Елімізде екінші деңгейлі банктер дүйсенбіге дейін жұмыс істемейді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз хатшысы Олжас Рамазанов мәлімдеді. Әзірге тек банкоматтар ғана халыққа қолжетімді. Ал кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайды. «Каспи», «Отбасы банк», «Халық», «Еуразиялық банк», «Форте», «Центркредит», «Алтын банк» пен «Хоум кредит» өкілдері күні кеше осындай хабар таратқан еді. Енді бұлардың қатарына «Альфа банк» қосылды. Олардың айтуынша, қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында ипотекасын төлей алмағандарға өсімақы жүрмейді. Елдегі жағдайға байланысты осындай шешім қабылданып отыр. Сол себепті банктен қарыз алғандардың алаңдамауына болады.