Жоғалған тікұшақ әлі табылмады
Алматы облысында жоғалған әскери тікұшақ әлі іздестіріліп
жатыр. Үш экипаж мүшесі бар әуе кемесінің радардан таса болғанына бүгін
төртінші күн. Мамандар ғарыштық мониторингтің арқасында Сорбұлақ көлінің
акваториясында әуе көлігінің сынықтарын тапқан. Операцияға 400-ге жуық адам
және жүзден астам арнайы техника жұмылдырылған. Алайда күрделі су асты рельефі,
тереңдік және лай су іздеу жұмыстарын қиындатып отыр. Айта кетейік, EC-145 –
еуропалық өндірістегі қос қозғалтқышты тікұшақ. Қазақстанда бұл үлгідегі
тікұшақтар әскери және азаматтық мақсаттарда кеңінен қолданылады. Ол маневрлік
қабілеті және күрделі климаттық жағдайда жұмыс істеуге бейімділігімен
ерекшеленеді.

