Қазақстан қарулы күштері отандық заманауи қару-жарақпен толығады

Қазақстан қарулы күштері  отандық заманауи қару-жарақпен толығады

Қазақстанда әскери доктринаны қайта әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Шаралар кешені атап айтсақ, қарулы күштер құрамын, әскерді басқару мен даярлау жүйесін жетілдіру, әскери білім мен ғылымды дамыту секілді көптеген мәселеге арналған. Бұл туралы еліміздің Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов хабарлады. Онымен қоса республиканың әскери арсеналы отандық заманауи қару-жарақпен толығады.  

Сұлтан Камалетдинов, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант:

– Тізімде отандық кәсіпорындардан шыққан өнімге басымдық берілген. Бұл ретте импортқа тәуелділіктің төмендеуі, қару-жарақ пен техниканы қолдану бағасының, сапасы мен тиімділігінің оңтайлы ара қатынасы басты өлшемшарт болып отыр. Бұл салада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен жүйелі жұмыс атқарылуда

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігі қару-жарақ пен әскери техниканың заман талабына сай түрлерін жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайтуға мүдделі.