Ұлытауда тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
Ұлытау облысында
заңгерлер тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті. «Заң және тәртіп» қағидаты
аясында ұйымдастырылған бұл бастаманың мақсаты - азаматтардың құқықтық сауатын
арттыру. Ұлытаулықтар прокуратура, полиция қызметкерлері және тағы бірқатар
сала мамандарының кеңесіне жүгінді.

