Өзбекстан мен Қазақстан сауда-өнеркәсіп хабын салады

Өзбекстан мен Қазақстан сауда-өнеркәсіп хабын салады

Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азиядағы ең ірі сауда-өнеркәсіп хабын салуға ниетті. Жоспар бойынша ол екі мемлекеттің шекарасында іске қосылмақ. Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы көлік-логистикалық мүмкіндіктерді кеңейте түседі. «Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азия өңірін азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, одан да кең географиялық ауқымда азық-түлік қауіпсіздігінің өзіндік кепілі бола алады», - дейді сарапшылар.