Бейжің 2022: Екатерина Айдова 19-орынға тұрақтады

Бейжің 2022: Екатерина Айдова 19-орынға тұрақтады

Бейжің Олимпиадасында қазақстандық конькиші Надежда Морозова 11-ші сатыға жайғасты. Әйелдер арасындағы мың метр қашықтықта жапондық спортшы жеңіске жетті. Екінші орынды Нидерланд мемлекеті иеленсе, қола жүлдені АҚШ өкілі жеңіп алды. Осы бағытта жарыс жолына шыққан тағы бір қазақстандық конькиші Екатерина Айдова 19-орынға тұрақтады.

Екатерина Айдова, конькиден ұлттық құрама мүшесі:

- Бірдеңе жетпегендей болды, оны жоққа шығара алмаймын. Ең жылдам, ең жақсы нәтиже көрсете алмадым. Бірақ оған қарамастан, осыған қанағаттанамын.

Надежда Морозова, конькиден ұлттық құрама мүшесі:

- Мен үлкен бұрылыстан, ал канадалық конькиші кіші бұрылыстан шықты. Ереже бойынша мені өткізуі керек еді. Көз қиығыммен бірге шығып жатқанымызды байқап, бірден кіші бұрылысқа кетуіме тура келді.