Биыл 14,5 мың адам Қазақстан азаматтығын алды

Жыл басынан бері 14 500- ден аса шетелдік Қазақстан азаматтығын алды. Оның ішінде 11 мыңнан көбі қандастар. Еліміздің Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстан азаматтығын алғандардың басым бөлігі 8500 адам Өзбекстаннан. 2 мыңнан астам адам Ресей Федерациясынан келген. Кейін Түрікменстан, Қытай, және Қырғызстаннан келгендер. Еске сала кетейік, 2022 жылы елімізге аяқ тірегендердің 22 мыңнан астамы, оның ішінде 17 жарым мың этникалық қазақ Қазақстанның толыққанды азаматы атанды. Соңғысы, заңға сәйкес, жеңілдетілген форматта ел азаматтығын алады.