Биыл қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда 586 медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда ел намысын абыройлы қорғап жүр. Жақында былғары қолғап шеберлері әлем чемпионатында ұлттық құрама қоржынын 4 алтын, бір күміс медальмен майлап, жалпықомандалық есепте 2-орынға көтерілді. Семсерлесуші - Руслан Құрбанов та әлемдік додада үздік үштікті тұйықтап, ел тарихында алғаш болып қола медаль ұтып алды. Ал отандық шығыс-жекпежегінің хас жеберлері - азиялық каратэшілер сынында жалпыкомандалық есепте үздік атанды. Құралайды көзге атқан мергендеріміз әлем кубогының медальдық есебінде топ жарды. Жалпы жыл басынан бері      Қазақстандық спортшылар ресми халықаралық жарыстарда 586 медаль жеңіп алды.

Мұхамеджан Бекназаров, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті басқармасының басшысы:

-Оның ішінде Олимпиадалық спорт түрлері бойынша қазақстандық спортшылар 373 жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, спортшыларымыз ел қоржынына 121 алтын, 111 күміс және 141 қола медаль салды. Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 118 медаль түсті. Оның 53 алтын, 38 күміс, 27  қола медаль. 95 жүлдені отандық параспортшылар жеңіп алды. Параспортшыларымыз спорт түрлері бойынша құраманың қоржынын 33 алтын, 33 күміс және 27 қола медальмен толықтырды.