Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандар айыппұл төлейді

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандар айыппұл төлейді

Көлікті 5 минуттан артық қыздырсаңыз айыппұл төлейсіз. Жиырма жыл бұрын қабылданған заңға қоғам енді ғана назар аудара бастады. Айыппұл көлемі 19 660 теңге. Бұл тұрғындар тыныштығы мен қоршаған ортаны көліктен шығатын улы газдардан қорғау үшін қабылданған талап. Бірақ, экологтар мұндай әдіспен мәселе шешілмейді деп отыр. Ал, жүргізушілер қақаған қыста көлігін қыздырмай, қозғалтқышын сындырып алып жүр.