Биыл мектептердегі оқулықтар жаңартылады
Биыл мектептердегі оқулықтар жаңартылады. Алғаш болып 3,4,7,8 және 9-сыныптарға арналған кітаптар өзгереді. Ал келер жылы 1 және 5 сынып оқушылары жаңа оқу құралымен білім алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Оның сөзінше, мектеп бағдарламасы «Конституция негіздері», «Заң мен тәртіп» курстарын, экологиялық білім беруді енгізу арқылы күшейтіледі. Министрлік карталарды, тарихи және әкімшілік материалдарды да толық ауыстыруды көздеп тыр. Осылайша, 10-11 сынып оқулықтарының мазмұны қайта қаралып, жаңартылмақ. Ал 2028 жылы 2 және 6 сыныптарға арналған жаңа кітаптар жарық көреді.

