Биыл «Nobel Fest» Пәкістан елінде өтеді

Қазақстандық бастама - «Nobel Fest-тің» ислам елдерінде адам капиталы, білім-ғылым және инновациялар мен жаңа экономиканы дамытуға қосар маңызы зор. Пәкістан Президенді Ариф Алви осы мемлекеттегі Қазақстанның елшісі - Ержан Қыстафин бастаған делегациямен кездесуінде осындай пікір білдірді. Биыл халықаралық фестиваль қонақтарын Пәкістан елі қабылдайтын болады. Исламабадта алдағы қараша айының 29-30 аралығында болашақ медицина, білім беруді цифрландыру, озық технологиялар, климаттың өзгеруі, тұрақты экономикалық даму стратегиялары талқыланбақ. Дәстүрлі іс-шара Пәкістан Президентінің төрағалығымен өтеді.

Айта-кетейік, халықаралық фестиваль жыл сайын 5 мың офлайн және 800 мыңға тарта онлайн қатысушыны жияды. 2020 жылдан бері 15-тен астам Нобель сыйлығының лауреаты, әлемге әйгілі сарапшылар, инноваторлар, бірқатар халықаралық ұйымдар мен жаһандық компаниялардың көшбасшылары шараның құрметті қонағы болды.