Браконьерлермен күрес күшейеді
Енді ермек үшін түз тағысын қыруға жол берілмейді. Мәжіліс депутаттары аңшылық шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта қару асынғанның бәрін емес, табиғат тағдырына жауапкершілікпен қарайтындарды ғана аңшы ретінде тану керек деп жазылған. Жаңа талапқа сай, аңшылар заманауи технологияларды пайдалана алмайды. Сондай-ақ, құстардың үйірге жиналып, ұрпақ өрбітетін кезеңінде қорықшысыз аң аулау да мүмкін емес. Бұл шаралар табиғи тепе-теңдікті сақтап, жануарларға «аман қалу» мүмкіндігін қалдыру үшін жасалып отыр. JJ Studio-ның кезекті саны осы тақырып төңірегінде өрбімек. Студия қонағы - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.

