Заңсыз кірісті заңдастыруға қарсы заң қатаяды
Енді Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілеті
кеңейеді. Мәжіліс тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл Қаржылық
мониторинг агенттігі тексеретін ұйымдардың санын арттырып, коммерциялық емес
ұйымдардың күдікті операцияларын талдап, мониторинг жүргізуге міндеттейді. Сәйкесінше қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға
қарсы заң қатаяды. Бұған дейін келіп түскен 40 ұсыныстың 33-і шешім тапқан. Қалған
жетеуін сәйкестендіру үшін заңға әлі де өзгерістер енгізіліп жатыр. Тағы қандай
ерекшеліктер бар? Байналыс операторларына қатысты шешім нәтиже берді ме? Тұрғын
үй салу бойынша қандай шикіліктер бар? Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев жауап
берді.

