Бүгін - Кітапханашылар мен ұлттық кітап күні
Бүгін кітапханашылар мен Ұлттық кітап күні. Елде 12 мыңнан астам кітапхана
жұмыс істейді. Онда 20 мыңға жуық маман қызмет етеді. Жалпы, соңғы 10 жылда 2
мыңнан астам кітап 6 млн тиражбен жарық көрген. Былтыр елде 3 жаңа кітапхана
салынды. 13 -і күрделі жөнделді. 64 нысан ағымдағы жөндеуден өтті. Ауылдардағы
156 кітапхана интернетке қосылып, тағы 197 -інің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Отандық
авторларды қолдау үшін түрлі әдеби
байқаулар мен ұлттық сыйлықтар ұйымдастырылып,
жас қаламгерлердің шоғырын қалыптасып келеді. Қазақтың көрнекті
тұлғалары мен классикалық шығармалары шетел тілдеріне аударылып, әлем
оқырмандарына танылды. Мәселен, «Абайдың қара сөздері. Ұрпаққа ұлағат» кітабы 7
тілге аударылып, оқырманға жол тартты. Сондай-ақ, қазақстандық баспалар
халықаралық көрмелерге тұрақты қатысып келеді. Балалар әдебиеті де шетелдік
жәрмеңкелерде таныстырылып, ұлттық өнімдерге қызығушылық артып отыр.

