Бүгін - Ынтымақ күні
Бүгін – ынтымақ күні. Студиямызда өнерпаздар әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлайды. Сондай-ақ жуырда «Құрмет» орденімен марапатталған айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовпен тілдесеміз. Түркі халықтарының рухани астанасы Түркістанда биыл әз-Наурыз айрықша тойлануда. Тілшілеріміз өңірдегі мерекелік көңіл күйді жеткізіп, жылжымалы студияда халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбековамен сұхбат құрады. Елімізде кейінгі жылдары таза қанды тазылар азайып барады. Оған не себеп? Гендік қорды сақтау үшін алдымызда қандай міндет тұр? Бүгін бұл тақырыпты зерттейміз. «Бүгін лайф» қосулы болсын.

