Мерей Ермұханов: «Кейбір quiz сұрақтары 3 жыл жазылады»

Мерей Ермұханов: «Кейбір quiz сұрақтары 3 жыл жазылады»

Қарызсыз қоғамның негізі – қаржылық сауаттылық. Бұл ретте елімізде қандай тегін курстар бар? Ақша жинауды неден бастаған жөн? Бүгін талқылаймыз.

Қазақтың көне өнері Америка жұртшылығын таңқалдырды. Бүркітші қыздарымыздың өміріне арналған фотосет әлемдік сыйлыққа ие болды. Америкалық фотографтар мен қазақтың бүркітші қыздарының біріккен жобасы жайлы эксклюзив сұхбатты тамашалаңыз. Бір қызығы бүркітші қыздардың бірі - Аружан Аменгелдіқызы 19 жасында түйе мініп, жамбы атудан Гиннес рекордтар кітабына енген.

Интеллектуалды ойын ойнап, куизге қатысу – бұл «Бүгін» бағдарламасына арнайы келген ерлі-зайыпты Ернар мен Әйкерімнің ұстанымы. Жастар арасындағы ең танымал зияткерлік ойындар жайлы бүгін айтамыз.

Сондай-ақ, студияда «IQAS» қазақша куизінің атқарушы директоры – Мерей Ермұханов және «Ойла IQ» кітабының авторы – Аршат Ораз қонақта.

Ал «Көш» интеллектуалды үстел ойыны жайлы естуіңіз бар ма? Ойын авторы - Ертас Жақыпбаймен болған сұхбатты тамашалаңыз.

«Жалған өмір-ай» әнімен талай жанды тербеген жас әнші Мәди Ахметқожамен сұхбат. Жаңа әннің тұсаукесері. Бар қызық – «Бүгін. Live» бағдарламасында.