Параспорт, инклюзия, рекордтар және шабыттандыратын қонақтар

Параспорт, инклюзия, рекордтар және шабыттандыратын қонақтар

Елімізде биылғы жазда 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерьлер мен 512 шатырлы кемпингтер ашылады. Сондай-ақ, жыл бойы жұмыс істейтін 16, маусымдық 188 лагерь бар. Сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтудың түрлі бағдарламаларымен 3,1 млн баланы қамту жоспарланып отыр. Ал, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қалай жүзеге аспақ? Сақтық шаралары қалай сақталады? Бұл туралы бізбен тікелей байланысқа шыққан ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басқармасының басшысы Алтай Рахымберлин айтып береді.

Айсұлу Сүлейменова – Параволейболшы және жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстардың жүлдегері. Бүгінде ұл тәрбиелеп отырған ана IT саласында қызмет етеді. Әлеуметтік желіде де белсенді ару өзгелерге шабыт беріп, мойымас мінезімен таңдандырып келеді. Бүгін Айсұлу біздің студиямызда қонақта.

Әскери қызметте жүрген апталдай азамат балабақшаға баратын қызынан қызылша жұқтырып, 1-інші топтағы мүгедектігі бар жан атанады. Осылайша, медицинада сирек кездесетін дертпен бетпе-бет келсе де, қол қусырып отырмайды. Еңбек етуге әбден төселген ол тігіншілікке бет бұрып, қолөнерді меңгеріп, 5 жылдан бері кәсібін жүргізіп отыр.