Кәсіп бастауға қандай көмек бар?
Бүгін -
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Ал Қазақстан бойынша Экологтар күні
атап өтіліп жатыр. Мерейлі дата қарсаңында «Бүгін.Live» төрінде небір табиғат
жанашырлары жиналды.
Елімізде
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауыз толтырып айтарлықтай іс
атқарылды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде тазалық жиындары өтіп, тіпті күні
бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Эколог мамандардың айтуынша бұл бағытта
мемлекеттік қызметкерлердің атқарар рөлі орасан зор. Жалпы экологиялық мәдениет
дегеніміз не? Бұқара арасында бұл игі үрдіс дұрыс қалыптасқан ба? Сарапшылар
жауап берді.
Дүкен
сөрелеріндегі кез келген тұрмыстық химия денсаулыққа қауіпсіз емес. Сондықтан
барынша таза өнімді қолданған дұрыс. Ал сапалы эко-тұрмыстық заттарды қайдан
табамыз? Оны қалай таңдау керек? Кәсіпкер жауап берді. Бизнес бастап, халыққа
гипоаллергенді, биоыдырайтын өнім ұсынып отырған жанның тағы не айтары бар?
Сиқырлы сабынды қалай жасаймыз? Сұхбаттан білесіз!
«Даму»
қорының грантттарын кімдер ұта алады? Мемлекеттен кәсіпкерлерге қандай көмек
бар? Бүгін айтамыз. Жіберіп алмаңыз!

