Бүркітшілер әулеті

Бүркітшілер әулеті

Жетісу өңірінде саятшылық өнерді жеті атадан бері жалғастырып келе жатқан отбасы тұрады. Бүркітбай Файзулланың құсбегілік өнермен айналысқанына 60 жыл болған. Қазір ол бар білгенін немерелеріне үйретуде. Шыдамдылық пен шеберлік, ептілік пен жылдамдықты талап ететін ұлттық дәстүрді жаңғыртып келе жатқан бүркітшілер әулетімен тілшіміз кездесіп келді.

Файзулла Бүркітбайдың есімі көпшілікке танымал. Бала кезінен әкесіне ілесіп құс көтерген. Содан бері саятшылық өнерді серік етіп келеді. 10-нан астам қыран баптаған. Ұлттық өнерді дәріптеп келе жатқан ол көптеген құсбегілік бәсекелерде топ жарып, талайдың таңдайын қақтырған.