«Casal Velino» классикалық музыка фестивалі

Италияның Казаль-Велино Тиррен теңізінің жағасында жасыл желекті бөктерлер мен тарихи ескерткіштердің арасында орналасқан. Италия мәдениетін музыкадан бөліп-жарып қарау мүмкін емес. Дегенмен бүгін жергілікті талғампаз көрерменнің эстетикалық көкжиегі кеңейеді. Олар европа мәдениетіне тән шығармалардың мүлде басқаша орындалуына куә болады. Курортты қаланың жағалауында Қазақстанның музыкасы шалқып жатыр.

Мұнда осымен 17 жыл қатарынан мұнда «Casal Velino» классикалық музыка фестивалі өтіп жатыр. Оған күллі Европаның атақты ұжымдары жиналады. Бір күн бұрын мұнда Испанияның Кастельон қаласынан келген оркестр өнер көрсеткен еді.

Қазақстанның мемлекеттік оркестрі – «Солистер академиясының» өнері көпшіліктің таңдайын қақтырғаны рас. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – біртуар скрипкашы, халық артисі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева.

Қазақстандық ұжым фестивальге осымен нешінші рет қатысуда? Фестивальдің шығу тарихы қандай? Бұл сұрақтардың жауабын бағдарламадан таба аласыздар. Бүгін мыңдаған шақырымды артқа тастап, Ұлы дала елінен дәстүрлі европалық мәдениет әлеміне саяхат жасаймыз.