Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрына экскурсия

Қазақстандық шығармашылық ұжымдардың аты шетелдік танымал сахналардан жиі-жиі естіліп жүр. Өзінідк ерекшелігін сақтаған қазақ мәдениеті ғалам картинкасына әсем өрнекпен өріліп, нағыз өнердің үйлесімді, сұлу тілін паш етуде. Мұның құпиясын еліміздегі өнердің қара шаңырағы, дәстүр сабақтастығын жалғастырып, жаңалықтардан да шет қалмайтын Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ұжымы жақсы біледі.