Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы Мумбаида. 1-ші бөлім
Бағдарламамыздың бұл шығарылымы еліміздегі ұзақ жылдық тарихы бар Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының шығармашылық ұжымына арналады.
Ұжым Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Үндістанның Мумбаи қаласына гастрольдік сапармен барды.
Мумбаидағы Ұлттық орындаушылық өнер орталығы – шаһардың негізгі мәдени ошағы. Мұнда жыл сайын 500ден аса түрлі іс шаралар өтікізледі. Олардың қатарында театр қойылымдары, көрмелер, концерттер бар. Бұдан бөлек орталықта Үндістан еліндегі тұңғыш әрі жалғыз симфониялық оркестр жұмыс істейді. Ұжымның негізін салушы әрі музыкалық директоры біздің жерлесіміз.
Белгілі музыкант, скрипкашы Марат Бисенғалиевтің арқасында Үндістан елінде осындай керемет ұжым құрылды. Дәл осы Үндістанда классикалық музыка дамымаған болатын. Сондықтан да мұнда шығармашылық ұжымнан бөлек білім беру орталығы ашылды. Бұл жақта көптеген біздің муызканттар бар. Олар осында жұмыс істеп, сабақ береді. Мұнда олардың саны көп.
Орындаушылық өнер орталығы мен Қазақстан мемлекеттік хор капелласымен әріптестік қарым-қатынасы 2009 жылы басталып, 2012 жылға дейін жалғасты. Әйгілі ұжымның кезекті концерті дәл осы Джамшед Тата театрында өтті.
Бағдарламаның 2-ші бөлімі: Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы Мумбаида. 2-ші бөлім