«Алтын адам» Өзбекстанда
2019 жыл – Өзбекстандағы Қазақстан жылы болып бекітілді. Сәуір айында Ташкентте өткен шараның салтанатты ашылу сәті «Ұлы дала мұрасы» көрмесінің басалуымен тұспа-тұс келді. Үржар әйелі, Сармат жауынгері, Тақсай ханшайымы және Қазақстан тәуелсіздігінің символы – Алтын адам – бауырлас мемлекеттердің достық қарым-қатынасындағы жаңа байланыстың себебіне айналды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен республикамыздың Ұлттық музейі ұйымдастырған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы аясындағы «Ұлы дала, тарих және мәдениет» көрмесі көрші елді қазақ халқының тарихымен бепе-бет танысуына жол ашты.