Цифрлық даму министрі Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды
Қызылорда қаласында халыққа қызмет көрсететін әмбебап орталық ашылды. Жаңа форматтағы нысанның ерекшелігі тұрғындар мұнда баспана мәселесі, коммуналдық сала, тіпті банкке байланысты бірнеше қызмет түрін бірден алады. Осы орталықтың ашылу рәсіміне цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қатысты.

