Гүлбану Будинова: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
«Тоғысқан мәдениет» бағдарламасының бұл шығарылымында Гүлбану Будинова студенттік шақтың қызықты естеліктерімен, сонымен қатар ұйғыр асханасының ерекшеліктерімен бөліседі. Неліктен лағманды «махаббат асы» деп атайды, не себепті оны ең қадірлі қонаққа дайындалатындығын түсіндіреді.
Гүлбану Мухиддинқызының ең үлкен арманы – өсіп келе жатқан ұрпаққа Қазақстанға деген патриотизм ұғымын жете түсіндіріп, дұрыс тәрбие беру. Өзі ұстаздық етіп жүрген мектеп оқушыларына Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілінің тату өмір сүруінің маңыздылығын дәріптеуді басты мақсаты деп біледі.