Ақ халатты ғашықтар. Пандемияда болған оқиға
Келесі кім? «COVID Chronicles» бағдарламасының бұл шығарылымына ақ халатты ғашықтардың пандемия кезіндегі оқиғасы баяндалады.
Терапевт пен реаниматологтың тойы COVID-19-дың кесірінен кейінге қалды. Себебі елдегі қиын кезеңде екеуі де қауіпті аймақта коронавирус жұқтырған науқастармен жұмыс істеді. Қашықта жүріп, бір-біріне демеу болған қос ғашық пандемия кезіндегі хикаясымен толығырақ бөлісті.
Сондай-ақ бағдарламада елімізде қай санаттағы азаматтарға вакцина салынатынын және жеміс-жидек пен көкеністердің коронавирустан кейінгі оңалу кезеңіндегі маңызы жөнінде айтылады.