COVID.CHRONICLES / Қазақстанда қайта локдаун енгізіліп, қалалар жабылады ма?
АҚШ-та коронавирусты екінші рет жұқтырған алғашқы науқас тіркелді. Неваданың 25 жастағы тұрғыны қауіпті аурумен сәуір және маусым айларында ауырған. Бұл туралы The Lancet журналы жазды. Енді бұл дерек иммунитеттің вирусқа қарсы тұру мүмкіндігін қайта қарауға түрткі болды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші рет жұғу ықтималдығы жөнінде осыған дейін айтқан. Тіпті, эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда локдаун енгізілуі мүмкін.
Қазір елімізде жасалған коронавирусқа қарсы екпені сынақтан өткізу жұмыстары жүріп жатыр. Нәтиже келер жылдың сәуір айында белгілі болады. Нарықта ПТР-тест өткізуге қажетті жабдықтардың бағасы төмендеп жатыр. Енді сынама тапсыру 22 процентке арзандап, 9 мың теңгенің шамасында болады.