ДДСҰ балалар арасында маймыл шешегінің таралуы туралы хабарлады

ДДСҰ балалар арасында маймыл шешегінің таралуы туралы хабарлады

Әлемде балалардың маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары жиіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгінде олардың үштен біріне жуығы 10 жасқа дейінгі, ал жартысы бес жасқа дейінгі балалар екенін айтты. Мамандардың болжамынша, олар вирусты үй жағдайында жұқтырған. Соңғы дерек бойынша, індетке іліккендер  саны алты мыңнан асады. Халықаралық ұйым сарапшылары бұл дерт әлемнің 58 елінде анықталғанын және індет ошағы Еуропада екенін атап өтті. Онда жаңа жағдайлардың 80%-і тіркелуде. Сондай-ақ ведомство алдағы апталарда жағдайдың ауырлығын бағалау үшін шұғыл жиналыс өткізетінін айтты.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

– Бізді маймыл шешегінің тез таралуы алаңдатып отыр. Қазір ол әлемнің 58 елінде тіркелген. Деректердің дені, шамамен 80 проценті Еуропада расталып жатыр. Алдағы 10 күн ішінде шұғыл отырыс өткізу жоспарда бар. Онда мамандар қазіргі ахуалға қатысты өз бағасын береді. Бірақ керек болып жатса, шұғыл отырыс одан да ерте уақытқа белгіленуі мүмкін.