ДДСҰ маймыл шешегінің атын өзгертеді

ДДСҰ маймыл шешегінің атын өзгертеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі вирусының және аурудың өзінің атын өзгерту туралы шешім қабылдады. Қазір бұл мәселе жөнінде ортопоксивирус бойынша мамандарымен талқылау жүріп жатыр. Аурудың атауын дұрыс бекіту «теріс әсерді азайту үшін» керек. Ол ешкімге зиян келтірмеу тиіс. Сондай-ақ, «шошқа және құс тұмауы» атауларының Ұйымның ұсыныстарына сәйкес келмейтіні атап өтілді. ДДСҰ жануарларға, географияға, адамдардың есімдері мен мәдени сілтемелерге қатысты атауларды қолдануға тыйым салады.