ДДСҰ маймыл шешегінің таралуына қарсы шаралар қабылдауға шақырды

ДДСҰ маймыл шешегінің таралуына қарсы шаралар қабылдауға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің одан әрі таралуына қарсы бірқатар шаралар қабылдауға шақырды. Ұйым ауру туралы хабарды арттыру және инфекцияны жұқтыру жағдайларын анықтау, пациенттерді оқшаулау, сондай-ақ одан әрі таралуды шектеу үшін науқастармен байланыста болғандарды іздеу бойынша кешенді жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, маймыл безгегін адамның жұқтыру жағдайлары осы уақытқа дейін Еуропада, Солтүстік Америкада және Австралияда тіркелген. Әлемде барлығы 90-ға жуық жағдай анықталды. Тағы 30-ға жуығы медициналық тексерістен өтіп жатыр. Әзірге өлім-жітім тіркелген жоқ. Сарапшылардың айтуынша, маймыл шешегін жұқтырғандар қатары артқанымен, жаңа пандемиядан қауіп жоқ.