ДДҰ Қазақстанда медицинаны дамытуға 1,8 млн доллар бөледі

ДДҰ Қазақстанда медицинаны дамытуға 1,8 млн доллар бөледі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда медицинаны дамытуға 1,8 млн доллар бөледі. Елдің денсаулық сақтау министрлігі мен ұйымның Еуропалық бюросы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл қаржы медицина кадрларын оқыту, аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, туберкулезбен күресу және басқа да бағыттар үшін халықаралық ұйым тарапынан сараптамалық, техникалық қолдау көрсетуге бағытталатын болады. Келісім екі жылға жасалғанын айта кету керек.