Депутаттар кибершабуылдардың алдын алу жолдарын ұсынды

Мәжіліс депутаттары еліміздің ақпараттық жүйелеріне кибершабуылдардың жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Төменгі палата өкілі Екатерина Смышляеваның дерегінше, еліміздің IT саласының ақпараттық қауіпсіздігіне бөлінетін қаржы жалпы шығындардың тек 1% құрайды. Кадр тапшылығы да кері әсерін тигізуде. Салада кемінде 10 мың маман жетіспейді. Қоғамның кибер сауаттылығы да көңіл көншітпейді деген халық қалаулысы бұл мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- IT-саланы цифрландыру мен дамытуға бағыталатын жалпы қаражының үлесінде ақпараттық қауіпсіздік шығындарын ұлғайтып, оны 10% -ке дейін жеткізу қажет. + Сондай-ақ, IT-саланың барлық мамандары мен бірқатар инженерлік қызметтерге қатысты ақпараттық қауіпсіздік мамандықтарының көлемі мен санын көбейту керек. + Ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау институтын күшейтіп, осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарына басымдық беру, мемлекеттік ақпараттық саясат шеңберінде цифрлық және кибер сауаттылық бойынша түсіндіру шараларын қолға алған жөн деп санаймыз.