Димаш Құдайбергеннің концертіне 9 мың турист келеді
Димаштың Астанадағы концертінің екінші күніне 50 елден 9 мың турист келеді. Олардың көбі Азия, Еуропа, Африка және Америкадан.
Еске салсақ, шоу 13-14 қыркүйекте Астана аренада өтеді. Әуелде ол бір күнге жоспарланған еді. Бірақ билеттер небәрі үш-төрт тәулікте сатылып кетті. Орын алып үлгермегендер көп. Сондықтан тағы бір күн концерт беруге шешім қабылданды.
Бұл туралы әнші өз парақшасында жазған.

