«Зарифа және Гейдар Әлиевтер. Мәңгілік махаббат» кітабы қазақ тілінде жарық көрді
«Зарифа және Гейдар Әлиевтер. Мәңгілік махаббат» Әзербайжанның халық жазушысы Эльмира Ахундованың кітабы қазақ тілінде жарық көрді. Туынды Әзербайжанның бұрынғы Президенті Гейдар Әлиев пен оның
жарының 100 жылдығына арналған. Автор кейіпкерлерінің бүкіл өмірі мен еңбектегі
жетістіктерін терең бейнелеген. Басылымда үлгілі отбасындағы бала тәрбиесі,
экс-Президенттің ординатордан академикке дейінгі еңбек жолы және қос ғашықтың
махаббат дастандары суреттеледі. Шығарма әлемнің 5 тілінде жарық көрген. Ал,
қазақ тіліне аударылуына Ақтаудағы Әзербайжан консулдығы мұрындық болған.

