Қазақстан әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың тізіміне енді
«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына келіп демалуды қалайтын туристер саны 2,5
есе артқан. Мәселен, соңғы екі жылда Алматыға 2 млн-ға жуық сырттан қонақ
келсе, соның басым бөлігі Алатау бауырындағы демалыс орнында сноуборд тебуді
қалаған. Қазір «Шымбұлақты» кеңейту үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Былтыр Қазақстан әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың тізіміне енді. Туризм
тынысы жайында Гүлзат Сақтың материалында.
Алматыға сырттан қонақ келсе, бірінші баратын жері, әдетте - Шымбұлақ курорты. Одан кейін Көлсай, Іле-Алатау ұлттық паркі мен Шарын шатқалы. Тағибаттың нағыз тұңған жерлері - осы. Әсіресе, шыңғы теуіп, снаубордты бағындырамын дегендерді бірден Шымбұлаққа ағылады.
Назерке Рзашова, «Шымбұлақ» тау курортының PR-менеджері:
- 2024-2025 маусым аралығында біздің курортқа 1 млн астам қонақтар келген. Солардың ішінде шетелдіктер өте көп. Мысалы, алдыңғы жылы Филиппин елінен, Малайзияда, сонымен қатар Индонезиядан қонақтар көп келіп жатты.
- Мен Шымбұлаққа екінші рет келіп тұрмын, бұл жолы жұмыс барысымен, әрине. Ал сіз ше, осы тауға жиі келесіз бе?
- Қыс уақытында көп кеп тұрамыз. Семьямызбен келеміз. Бүгін достарымызбен
келіп тұрмыз. Сноуборд тебеміз, шаңғы тебеміз. Постоянно келіп тұрамыз
Бұл үндістандық Маюн Модидің Алматыға бірінші рет келуі екен. Шымбұлақ
туралы көп естідегін айтады. Сондықтан Алатаудың бөктерін тамашалап, шаңғы тебу
үшін арнайы жоспар құрып келген.
Маюн Моди, турист, Үндістан:
- Отбасымызбен жиі саяхаттаймыз. Бізде Үндістанда қыс мүлдем жоқ. Сондықтан
Қазақстанға келіп іздегенімді тапқандаймын. Тау, таза ауа. Адамдары қандай
қонақжай. Мұндай табиғат отбасымызға өте ұнап жатыр.
Гүлзат Сақ тілші:
- Қазір біз Шымбұлақтың ең биік шыңында тұрмыз. 3 жыл бұрын Шымбұлақ әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде Гиннес кітабына енген. Трасса теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан. Бұл жетістік Шымбұлақтың халықаралық деңгейде танымал екенін тағы бір рет көрсетеді.
- Біз Шымбұлаққа алғаш рет келіп отырмыз. Ресейденбіз. Жалпы тауға жиі шығамыз, түрлі курорттарда сырғанаймыз. Сахалин, Кавказ, Камчатка, Оралда болғанбыз. Мұндағы трассалар кең, дайындалғаны өте жақсы, ұнады.
- 10 жылдай боп қалды шаңғы теуіп жүргеніме. Содан адам үйреніп қалады екен. Шымкенттен келдік+ 00:22 Бір жақсы жері зейнеткерлерге тегін ғой сосын келе береміз
Шымбұлаққа ұқсас демалыс орындары көптеп сал қажеттігін Президент те айтып,
жауаптыларға тапсырма берген. Сонымен қатар, курорттың толық әлеуетін пайдалану
үшін оны заманауи түрде жаңғырту қажет екенін де ескертекен. Қазім курорттың
аймағы кеңейтіліп жатыр. Ол біткен соң туристердің саны мейлінше арта түсуі
тиіс.
Ақмарал Ещанова, Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары:
- Шымбұлақ курортын жаңғырту Алматылық тау кластерін дамытудың кешенді
жоспары аясында басталды. Жоба бойынша тау шаңғысы аймағы кеңейтіліп,
қолданыстағы арқан жолдар жаңартылады. Сондай-ақ, Бутаковка шатқалында жаңа
бағыттар ашу көзделіп отыр. Негізгі жұмыстар 2028 жылы аяқталады.
Қазір «Алматы тау кластері» жобасы қолға алынған. Сондай-ақ, түнгі туризмді дамыту концепциясы да әзірленуде. Осы Шымбұлақта түнгі сырғанауға өткен қысқы маусымда 50 мыңға жуық турист қатысыпты. Биылғы енді бұл көрсеткіш кемі 10%-ға өсуі тиіс. Айтпақшы, әйгілі Vogue журналы былтыр Қазақстанды әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттің бірі ретінде тізімге енгізгені бар.
Гүлзат Сақ, Ерік Керімқұлов.

