Абай Құнанбайұлына арналған 2 кітап жарық көрді
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда қос бірдей кітап жарық көрді. Біріншісі - «Ұлы Абаймен үндесу» жыр жинағы. Оқырманға жол тартқан тағы бір еңбек - «Абайдың толық адам ілімінің негіздері» деп аталады. Авторы - Абайтанушы Жабал Шойынбет. Ғалым хәкімнің жан мен тән, ақыл, жүрек пен қайрат үндестігіне құрылған «Толық адам» ұғымын ғылыми тұрғыда талдайды.

