Дін көшбасшыларының съезі: Саяси қақтығыстар, ЖИ мен климат болашағы
Кез келген дін адамгершілікті, сыйластықты, әділеттілікті,
тыныштықты, парасаттылық пен білімді насихаттайды. Алайда сол құндылықтарға сай
қоғам қалыптастыруда діндердің рөлі қандай? Дөңгеленген дүниенің берекесін
алған кеселдермен қалай күресеміз? Ұлттар арасындағы өзара өшпенділікті
болдырмас үшін діндер қалай әрекет етіп жатыр? Осы және өзге де маңызды
мәселелер Астанада өткен VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының
съезінде талқыланды. Оған қатысқан Президент пен дін өкілдері қандай ұсыныстар
айтты? Ол туралы бүгінгі «Арнайы репортажда» айтамыз.

