Энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы: Қазақстанды не күтіп тұр?

Энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы: Қазақстанды не күтіп тұр?

«Құрылтай» сөзі қазаққа таңсық емес. Тарихта қалған ұлы жиынның атауы. Осы үрдіс 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен қайта жанданды. Содан бері халықты біріктіріп, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешетін ұлттық құндылықтарды насихаттайтын алаңға айналды. Әрине, қазіргі бейбіт замандағы Құрылтайдың мақсаты да, форматы да бөлек. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

Жалпы, биылғы Ұлттық құрылтай қандай форматта өтті? Қандай мәселелер талқыланды? «Арнайы репортаж» Ұлттық құрылтайдың маңызы мен қарастырылған мәселелерді жан-жақты зерттеп көрді.