Цифрлық көшпенді болу - еркіндік пе, әлде тұрақсыздық па?
Интернет, цифрлық техника көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан қазіргі заман, жұмыс процессін айтарлықтай жеңілдетіп жатыр. Қазір көп қызметкер ісін кеңсеге бармай-ақ, үйде отырып-ақ атқара береді. Керегі ноутбук пен жақсы интернет қана. Бұл жалпы әлемдегі еңбек нарығын өзгертіп жатыр.
Қала не мемлекетпен шектелмей, әлемді аралап, еңбек ете беретіндерді - цифрлық көшпенділер дейміз. Бүгінде олардың қатары тек IT мамандармен шектелмей, басқа да мамандықтармен толықты. Цифрлық көшпенділерге елімізде қандай жағдай жасалған? Бұл еркіндік пе, не тұрақсыздық па? Елімізді әлемдегі цифрлық көшпенділер ордасына қалай айналдырамыз? Мемлекет басшысы берген тапсырма қалай жүзеге асырылып жатыр? Арнайы репортаждың осы санынан білесіз.

