Қазақстан жаһандық білім нарығын қалай бағындырмақ?

Қазақстан жаһандық білім нарығын қалай бағындырмақ?

Қазақстан академиялық хабқа айналуға бет алды. Енді шетелге тек шикізат емес, жоғары білім де экспортталмақ. Қазір еліміз әлемнің 40 университетімен серіктестік орнатқан, ал Қазақстанда шетелдік ЖОО-ның 33 филиалы жұмыс істейді. Алдағы төрт жылда елімізде білім алатын шетелдік студенттер саны 100 мыңға жетуі мүмкін. Бұл – экономикаға триллиондаған теңге кіріс әкелетін әлеует.

Ендеше, академиялық туризм орталығына айналу үшін қандай алғышарттар қажет? Қазақстан жаһандық білім нарығында қалай бәсекеге түспек?