«Disney» қазақ тіліне дубляждалған жаңа жобасын ұсынды
«Disney» компаниясының тағы бір туындысы қазақ тілінде
сөйледі. Бұл биыл дубляждалған екінші фильм. Жыл басында көрерменге «Ақшақар» жол
тартса, енді «Лило мен Стич» анимациялық фильмі экранға шықты. Қазақ тілінде
дыбысталған анимацияға деген сұраныс күн санап артып келеді. Ең бастысы -
көрермен талғамы да қатар өсіп, сапалы контентті талап ете бастады. «Лило мен
Стич»- Гавай аралында тұратын кішкентай қыз Лило мен оның ерекше досы Стичтің
жүрек тебірентерлік әрі күлкілі оқиғасы. Фильм отбасы құндылығы, достық жөнінде
баяндайды. Алдағы уақытта қазақ көрерменінің сұранысын ескерген Disney
компаниясы «Жануарлар әлемі» мен «Аватар 3» сынды ірі жобаларын да қазақша
дыбыстауға ниетті.

