Dubai EXPO 2021 көрмесіндегі Қазақстан павильонының құрылысы аяқталды

Ұлттық мәдениет, табиғат кереметтері және технологиялық жетістіктер. Дубайда өтетін EXPO көрмесіндегі қазақстандық павильонда осы тақырыптар ұсынылмақ.

Айта кетейік, бұл – Таяу Шығыста өткізілетін алғашқы EXPO.  Халықаралық шарада көрсетілетін біздің ұлттық павильонымыздың құрылысы толығымен аяқталған. Ол басқа елдермен салыстырғанда аумағы жағынан ең ауқымды павильондардың бірі саналады. Қазір көрме жабдықтары мен техниканы монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Айналасын абаттандыру және сынақтан өткізу қыркүйек айының соңында аяқталмақ.

Дәулет Еркімбаев, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Біздің павильон аумағы 3400 шаршы метрді құрайды, 3 қабаттан тұрады. 4 аймаққа бөлінген. Онда еліміздің туристік және инвестициялық әлеуетін таныстыратын боламыз. Міндетті түрде қазіргі нарықтағы ең соңғы озық технологиялар пайдаланылатын болады.