Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні

2 сәуір — Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Бүгінде елімізде аутист бала саны 13 мыңға жеткен. Сондықтан қоғамда бұл мәселе өз өзектілігін жоғалтпай отыр. Жақында өткен Ұлттық құрылтайда да Мемлекет басшысы астын сызып айтып өткен болатын. Оңалту орталықтары көптеп салынуы керек, бәріне бірдей мүмкіндік берілуі керегі сөз болды. Қазіргі жағдай қандай? 18-ден асқан ерекше балаларға қандай жағдай қарастырылған? Ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар не істейді? Мәжіліс депутаты - Таңсәуле Серіковпен болған сұхбаттан білесіз.