Жемқорлықпен күрес күшейеді

Жемқорлықпен күрес күшейеді

Бұдан былай жемқорлардың есімі жалпыға жария болады. Олардың аты-жөні, жұмыс орны, атқарған қызметі, жасаған қылмысы енді Антикор агенттігінің сайтында шығып тұрады. Осыған қатысты заң Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Қара тізімге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасап, сотталғандар да кіреді.

Сондай-ақ, енді пара алғандар ғана емес, бергендер де қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Тіпті мұғалімге ақша жинау немесе дәрігерге сыйлық беру де қылмыспен тең болады. Алайда беретін дүниеңіз белгілі бір сомадан аспауы шарт.

Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілетін осы және өзге де өзгерістер таныстырылды. JJ studio-ның кезекті санында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым осы жөнінде баяндап берді.