Егіздер саны көбейіп, шала туған сәбилер үлесі азайып келеді - ДСМ

Егіздер саны көбейіп, шала туған сәбилер үлесі азайып келеді - ДСМ

Былтыр елде 3367 егіз бен 25 үшем дүниеге келіпті. Биыл да бұл көрсеткіш аз емес. Қаңтар-ақпан айында 224 егіз және 5 үшем өмірге келген. Ал жалпы 2025 жылы 335 мың сәби қатарға қосылған. Соның 51,5%-ы ұл болса, 48,5%-ы қыз. Қуантарлығы, балалардың көпшілігі мерзімі жетіп, уақытында дүниеге келген. Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform агенттігі жолдаған ресми сауалға берген жауабында: «Қазақстанда жылдан жылға шала туған балалар санының азайып келе жатыр» деп жазыпты. Мәселен, 2023 жылды 2024 жымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,3%-дан 6,2%-ға дейін төмендеген. Оған ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесінде қабылданып жатқан кешенді шаралардың тиімділігі әсер еткен делінген. Қазір «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылған. Жоба аясында профилактикалық және жүктілікке дейінгі тексерулер, сауықтыру шаралары жүргізіліп, тәуекел факторларын ерте анықтауға бағытталған 15 негізгі зерттеу енгізілген.