Елде 6 жылу электр стансасы салынады
Екібастұзда
үшінші жылу электр стансасы салынады. Сонымен қатар, Курчатов, Көкшетау, Семей,
Өскемен және Жезқазған қалаларында жаңа стансалар бой көтереді. Бұл туралы
көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобада жазылған. Энергетика министрі
үкіметтегі жиында құжаттың жоспарын таныстырды. Айтуынша, жобаның бастапқы құны
8 трлн теңгеден асады. Жоба елдегі энергия тапшылығын шешуге және ескірген
стансаларды жаңартуға бағытталған. Сондай-ақ, Павлодар облысындағы жұмыс істеп
тұрған екі бірдей стансаларды техникалық жаңғырту қарастырылған. Инвесторлар
тендер арқылы таңдалады. Әсіресе көмір генерациясына көп көңіл бөлінеді. Ол
үшін министрлік көмір өндірісін ұлғайту және теміржол желісіндегі өткізу
қабілеті шектеулі учаскелерді жою тетіктерін қарастырып жатыр.

